Елордадағы дәмханада болған жарылыста зардап шеккен 21 науқас ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар түрлі дәрежедегі термиялық күйік алған. Ал реанимациядағы екі азаматтың жағдайы қалыпты. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Еске сала кетейік, төтенше жағдай 21 қараша күні болған еді. Газ баллоны жарылып, өкінішке қарай екі адам көз жұмды.