426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда балықшылар велосипедпен суға кеткен адамды құтқарды

  • 209
  • UPD: 10:10, 07.12.2020
Атырауда балықшылар велосипедпен суға кеткен адамды құтқарды

Жайық өзенін велосипедпен кесіп өтпек болған ер адам суға кете жаздады.

Аяқ астынан мұз опырылып, ол шарасыз күйге түскен. Бағына орай, сол маңда жүрген балықшылар байқап қалып, суға кету қаупі төнген жігітті арқанмен тартып, бері шығарып алады. Бейнежазба авторының айтуынша, әлгі азамат шетелдік екен. Жайықты велосипедпен аралап, ерекше әсер алғысы келген әуесқой бір ажалдан қалды. Енді оның балықшыларға деген ықыласы ерекше екені анық.

Хабар 24 телеарнасы