426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өткен тәулікте елімізге келген 481 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған

  • 189
  • UPD: 12:30, 14.12.2020
Өткен тәулікте елімізге келген 481 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған

Кеше елімізге ұшақтармен келген жолаушылардың 82%-інде ПТР-тест анықтамасы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте ел аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Оның ішінде 480-нен аса жерлесімізде тиісті анықтама болмаған. Олар келе салысымен ПТР-тест тапсырып, нәтижесін енді карантиндік стационарларда күтіп жатыр.

Атап өтейік, 12 желтоқсанда елге анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы