421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

  • 117
  • UPD: 17:36, 20.12.2020
Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында екі көлік соқтығысты.

Салдарынан үш адам көз жұмып, екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 19 желтоқсанда сағат 17:28-де Есіл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны телефон шалып, Жезқазған – Петропавл автожолының 551 шақырымында жол апаты болғанын айтқан.

«Анықталғандай, сағат 17:14 Жезқазған – Петропавл автожолы арқылы Арқалықтан Қостанай қаласына бағыт алған «Шевроле-Триблейзер» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі маневр жасамақшы болып, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «DAF» көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы 25 жастағы қыз бен 39 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Есіл ауданының ауруханасына жатқызылды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде жол апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабының 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы