423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда әскер қатарына шақырылған жігіт үшінші қабаттан секірген

  • 176
  • UPD: 22:30, 29.12.2020

Оралда жас жігіт облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен.

Салдарынан әскерге шақырту алған жасөспірімнің омыртқасына айтарылықтай зақым келіп, екі аяғына операция жасалыпты. Оқыс оқиға желтоқсаның 8-і күні болған. Сол күні шақыру қағазын алған анасы әскери комиссариатқа өзі барып, баласын келер жылдың көктеміне дейін қалдыра тұруды сұрайды. Бірақ әскерилер мұнымен келіспей баланы департаментке алып келіпті. Кейін әскерге шақырылушымен әңгімелесу қажеттігін айтып, әйелді үйіне қайтарған. Бірақ көп ұзамай баласының жарақат бөлімінен бір-ақ шыққанын естіген.

«Өзім дімкәс адаммын. Ұлым мен қызымды жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Әскерилер бұл істі жасырғысы келіп, мені қорқытқан соң осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ кінәлілер жазаға тартылуы тиіс», - дейді ол.    

Светлана Кибко, Әскерге шақырылушының анасы:

- Баламды кеудесінен ұрып, «1 жыл бойы қамауда боласың деп қорқытқанын» кейін білдім. Тіпті әскерге барғысы келмегеннің өзінде бұлай істеуге бола ма? Кейін маған өздері күн сайын хабарласып, кездесуімді өтінді. «Бізді жұмыстан кетіреді, көмек берейік» деді. Барлық әңгімелерін жазып алдым, оларды жазасыз қалдырмаймын.

Хабар 24 телеарнасы