389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаты Ахан Бижанов Алматы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті

  • 545
  • UPD: 23:26, 09.01.2017

Сенат депутаты Ахан Бижанов Алматы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, бірқатар заң жобаларын талқылады.

Сенатор еліміздегі жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету мерзімінің ұлғайғанын жеткізді. Бұған қоса, ішкі көші-қон мәселесі сөз болды. Ол уақытша тіркелуге қатысты іс-шараны лаңкестіктің алдын-алу деп бағалады.

Ахан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мына заңда өзгрістерде бұрын екі ай жәрдемақы берілетін цех тоқтап қалса, зауыт тоқтап қалса екі-үш ай беретін. Қазір оны 6 айға дейін көбейтті. Халықтың жағдайын ескеріп, қазіргі жағдайды ескеріп жәрдемақы беру үшін.

Хабар 24 телеарнасы