386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының тағдырлы шешімін Парламент депутаттары қолдады

  • 397
  • UPD: 13:31, 26.01.2017

Елбасының күні кеше ел дамуы жолында қабылдаған тағдырлы шешімін Парламент депутаттары да қолдады.

Осыған орай халық қалаулылары жоғарғы заң шығарушы органның пәрмені артып, Үкімет жауапкершілігі жүйелі атқарылады деген сенім білдірді. Бүгін елордада «Ақ жол» партиясының мүшелері келелі кеңес өткізіп, жаңа реформа аясындағы маңызды міндеттерді айқындады. Сол арқылы олар зиялы қауым өкілдері және кәсіпкерлермен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қызу талқылауға кірісті.  

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің ойымызша, Елбасымыз кеше анық айтты. Керек кезде кез келген министрге сенімсіздік жариялауды депутаттарға біз жеңілдетуіміз керек деп. Қолымызда әдістер болса, кез келген министр, мемлекеттік қызметкерлер өз қызметін қоғам алдында жауапты түрде атқарады деп сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы