381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңғырту жолдарына басымдық берген мәлімдеменің мәні мен маңызы неде?

  • 1170
Жаңғырту жолдарына басымдық берген мәлімдеменің мәні мен маңызы неде?

Жаңа ғана Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына арнайтын жолдауына қатысты арнайы мәлімдемесін жария етті.

Жаңғырту жолдарына басымдық берген бұл мәлімдеменің мәні мен маңызы неде? Бұл тұрғыда сарапшылар қазірден-ақ өз пікірін білдіріп жатыр. Осы орайда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Наиля Әлмұхамедованың ой-пікірін тыңдап көрсек.

Наиля Әлмұхамедова, ҚСЗИ ғылыми қызметкері:

- Кеш жарық! Сұрағыңызға рақмет! Әрине, осы айтылған Президенттің жолдауы ерекше болып отыр. Оның ерекшелігі, Президент өз жолдауында жаңғыртудың үшінші кезеңіне көшетінін мәлімдеген болатын. Бұл дегеніміз не? Егер де біз тәуелсіздік алғаннан бері экономикамызды құру үшін жаңа институттар, жаңа бағдарламалар әзірлеген болсақ, енді біз жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуымыз қажет. Және де осы модель жаңғыртудың үшінші кезеңіне сайма-сай келеді және көптеген салаларды қамтитын болады.

- Арнайы мәлімдемеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев адам капиталын дамыту жайына да басымдық берді. Бұл жөнінде пікіріңіз қандай?

Наиля Әлмұхамедова, ҚСЗИ ғылыми қызметкері:

- Иә, жолдаудың ішінде, сонымен қатар, адами капитал рөлінің артуына ерекше көңіл бөлінген болатын. Оның ішінде адами капиталдың әлеуетін жоғарылату үшін білім, денсаулық саласында көптеген реформалар жүзеге асырылуы қажет. Бірте-бірте асырылады деп ойлаймыз. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру сияқты басқа да процестер жүзеге асады және де ол еліміздің дамуына көптеген септігін тигізеді деп ойлаймыз. Себебі, мұны бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде қарастыруға болады.

- Елбасы арнайы мәлімдемесінде негізгі басымдықтарды қай салаға беріп отыр? Оған қатысты «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Алуа Жолдыбаеваның өзіндік пікірі бар.

Алуа Жолдыбаева, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

- Қайырлы кеш! Бүгін Елбасы өзінің арнайы мәлімдемесінде еліміздің экономикасын дамыту жөнінде бірнеше бастамаларды атап өтті. Негізінен бұл арнайы мәлімдемеде біз қаншалықты қазіргі уақытта осы экономика саласын дамытуға байланысты маңызды шаралардың қажет екендігін көрсетті. Жалпы, бұл экономика саласындағы стратегиялық басымдықтар әлемде болып жатқан саяси өзгерістерден де туындап отыр. Яғни, бүгінгі таңда әлемде болып жатқан әртүрлі қауіп-қатерлерге деген елдің экономикасын дайындау және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар болып табылады.

- Ал, экономикалық өсімнің негізгі тетіктері неде деп ойлайсыз?

Алуа Жолдыбаева, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

- Жалпы, бұл арнайы мәлімдемеде келтірілген негізгі экономиканың өсімін қамтамасыз ететін тетіктерге келетін болсақ, өзіміз көріп отырғандай, ендігі кезекте шикізаттық бағыттан индустриалды бағытқа бет бұрып, сонымен қатар банктік сектор арқылы, жекеменшік секторын дамыту арқылы бұл бағыттардың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, негізінен ең бірінші салмақ соған түсетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұқаралық кәсіпкерлік қоршаған орта бизнесін дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етуге өзінің септігін тигізуі керек. Әрине, экономиканың өсімі адам капиталының дамуынсыз болмайды. Сондықтан, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы ең негізгі стратегиялық шаралардың жүйесіне келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы