380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі - қазақстандықтардың жетістігі

  • 585
  • UPD: 11:35, 15.03.2017

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі – барлық қазақстандықтардың жетістігі.

Бұл Оңтүстік Корея Каннам университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтының директоры Фил Кимнің пікірі. Ол қазақ елінің 2010 жылдан бастап Қауіпсіздік Кеңеске мүше болуды мақсат еткенін әрі оған жетуінің кездейсоқ емес екенін айтады. Қазақстан өзінің тәуелсіз 25 жылы бойында ядролық қарудан ада ел ретінде дәлелдеп отыр. Сондай-ақ, ресми Астана әлемді ядролық қарудан босату саясатын да сәтті жүргізіп келеді.

Фил Ким, Каннам университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтының директоры:

- Біріккен ұлттар ұйымының 100 жылдығына орай Қазақстанның 2045 жылға дейін ядролық қарудан азат әлемді құруға бағыты мені таң қалдырды. Қазақстан Корея түбегінде ядролық қару мәселені шешу ұшін бар күшін салады деп ойлаймын. Сол үшін бұл мәселеге қатысты көпжақты келіссөздер жедел түрде қайта жалғастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы