389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі xатшылары кездесу өткізді

  • 461
  • UPD: 17:41, 06.04.2017

Астанада Шанxай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-кездесуі өтті.

Басқосуға жиналғандардың талқылаған басты тақырыбы тұрақтылық төңірегінде өрбіді. Жаһанды жайлаған терроризммен табанды күресті одан ары күшейтудің жайы да әңгімеге арқау болды. Тараптар ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм, заңсыз қару-жарақ айналымы мен есірткімен алдағы уақытта да жұмыла жұдырық болып, тамырына балта шабуға бірлесіп атсалысатындары жөнінде өзара келісімге келді.

Жиынға алыстан ат терлетіп жеткендер Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуының маңыздылығына айырықша тоқталды. Бейбітсүйгіштікті басты бағдары еткен біздің ел әлемдік қауіпсіздікті сақтап қалу жолында сүбелі үлесін қосады деген сенімдерін білдірді.

Владимир Жұмақанов, ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

- Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Онда халықаралық және өңірлік өзекті проблемалар көрсетілген. Сонымен қатар алдағы мақсатымызды айқындадық. Терроризм және экстремизммен күресу ұйымға мүше елдердің ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы