388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның «Нұрлы жолы» Қытайдың «Бір белдеу, бір жолымен» өзара үйлескен жобаға айналды

  • 501
  • UPD: 13:58, 30.04.2017

Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бірін-бірі толықтыратын, өзара үйлескен жобаға айналды.

Бейжіңде өткен «Қазақстанның Қытайдағы достары клубының» үшінші отырысында бас қосқан қытай сарапшылары осылай дейді. Жиынның тақырыбы да «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» бағадарламасын ұштастырудағы мәселелер» деп аталды. Бүгінде екі ел арасындағы әріптестік өз жемісін бере бастады. «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру бағытында инфрақұрылымдық үлкен жобалар іске асып жатыр. Қытайдың Еуразия кеңістігінде трансаймақтық коммуникацияларды дамытуға деген ұмытылысын көптеген елдер қолдап отыр. Ал Қазақстан Азиядағы ең ірі іскер, транзитті-логистикалық және қаржылық хабқа айналуды көздейді. Оған «мультимодальды «Еуразия трансқұрлықтық көлік дәлізі» өз септігін тигізеді», - дейді қытайлық сарапшылар. Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты директорының орынбасары Сунь Лидің айтуынша, халықтар арасында өзара түсіністікті арттыру үшін мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты нығайта түсу керек. Өйткені саяси билікпен қатар, халықтардың өзара сенімінің де маңызы зор, - дейді.

Сунь Ли, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты директорының орынбасары:

- Елшілік ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер өте маңызды болды. «Ұлы Жібек жолы» стратегиясы мен «Нұрлы жол» стратегиясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы пікір алмастық. Екі ел басшыларының салып берген сара жолы, қазіргі уақытта біздің басты бағдарымызға айналды. Жиында сарапшылар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен әріптестікті одан әрі нығайту бойынша құнды пікірлерімен бөлісті. Гуманитарлық саладағы байланысты арттыруға ерекше көңіл бөлдік.

Хабар 24 телеарнасы