389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия қарулы оппозициясы Астана кездесуіне шақырылды

  • 388
  • UPD: 22:08, 01.05.2017

Сирия оппозициялық қарулы күштерінің барлығы Астанада 3-4 мамырға жоспарланған келіссөзге шақырылды.

Олардың ешқайсы процеске қатысуға қарсы емес екендігін жеткізген. Бұл туралы қарулы топтардың өкілі Фатех Хассун мәлімдеді.

Айтуынша, ресми шақыртуды олар Ресей тарапынан ауызша түрде алған. Оппозиция белсенділері басқосу елдегі жағдайды жақсартуға септігін тигізуі тиіс деп сенеді. Сонымен қатар, Ресей тарапы келіссөз барысында үкімет әскері мен оппозиция жасақтарының түйіскен жерінде бейтарап мемлекеттердің бітімгерлік күштерін орналастыру мәселесін талқылауды ұсынған.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш алдағы Астана процесіне қолдау білдірді. Екі күндік келіссөз алдында сарапшылардың кездесуі өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы