389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ саммиті кезінде 11 құжатқа қол қойылады

  • 414
  • UPD: 12:58, 09.06.2017

Бірлестікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің елордада өтуі тегін емес.

Былтыр елімізге осы ұйымға төрағалық ету міндеті жүктелген еді. Жиында ұйым аясындағы маңызды мәселелер талқыланады. Әрине бұл басқосу бұрынғыдан өзгерек. Үндістан мен Пәкістан қатарға қосылғалы отыр.  Бұл елдердің мүшелікке өтуі Шанхай ынтымақтастық ұйымының ролі мен маңызын арттыра түседі.  Ұйымға мүше мемлекет басшыларының  17-кеңесінде  жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Бүгін келіссөздер жеке жəне кеңейтілген құрамда өтеді деп жоспарланған.  Тарихқа көз жүгіртсек, ұйымның негізі 2001 жылы қаланды. Оған Қазақстан Қытай, Ресей мен Тәжікстан және Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекет басшылары бастамашылық етті. Бүгінде бұл құрылым дəрежесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орынға ие. Кешкісін қонақтар көптен күткен ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы