387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев: транзиттік тасымалдарды одан әрі арттыру шараларын қолдану қажет

  • 529
  • UPD: 12:50, 27.06.2017
Бақытжан Сағынтаев: транзиттік тасымалдарды одан әрі арттыру шараларын қолдану қажет

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев транзиттік тасымалдар көлемінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге ЕАЭО, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы шетелдік серіктестермен Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды арттыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бұдан өзге, ҚР ИДМ жүктердің қозғалысын ақпараттық сүйемелдеу мәселесін пысықтау және негізгі транзиттік дәліздердегі жол сервисі нысандарын ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру тапсырмасын берді.  

Хабар 24 телеарнасы