386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тіркеуден өткен Сенат депутаттарына куәліктер табысталды

  • 475
  • UPD: 19:23, 14.07.2017

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 шілдедегі Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден соң депутаттар қызметіне кіріседі. Тіркеуден өткен Сенат депутаттарына тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыруға рұқсат етіңіздер», деді ҚР ОСК басшысы Берік Имашев.

Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев Парламент Сенаты депутаттарының куәліктері мен омырауға тағатын белгілерін тіркелген депутаттар Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы, Волков Владимир Васильевич, Мұсабаев Талғат Амангелдіұлына тапсырды.

Айта кетейік, 2017 жылғы 28 маусымда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтіп, барлық өңірлерден және Астана, Алматы қалаларынан 16 депутат сайланған болатын. Олар 2017 жылғы 30 маусымда ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуден өтті.

Ақпарат көзі: ҚР ОСК 

Хабар 24 телеарнасы