387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

  • 460
  • UPD: 15:22, 09.11.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына тың серпін берді.

Қауымдастықтың кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы осылай деді. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай еліміз бойынша ауқымды шаралар қолға алынды. Жобалардың жүзеге асырылуына этномәдени бірлестіктер мұрындық болуы тиіс. Әсіресе «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары мен латын қарпіне көшу мәселелеріне ат салысуы керектігін айтты. Айта кетейік, елімізде бүгінде 1338 этномәдени бірлестік бар. 41 достық үйі ашылған. 3 мыңдай қоғамдық келісім кеңестері қызмет атқарады.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Біріншіден экономикалық жаңғыртуды жүзеге асыруға кірістік. Және елімізде саяси жаңғыруға серпін берілді. Сондай-ақ, қоғамдық сананы жаңарту ісі қолға алынды.

Бекзат Алтынбеков, Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық баяндамасының аясында үлкен іс-шаралар өтуде. Мысалы, «Туған жерге туыңды тік», «Қайырымды ел» акциясы осы Жезқазған қаласынан бастау алды. 8 жас маманға жеке кәсіпкердің үй алып беру мәселесі шешілді. Қаламыздағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мектеп бітірушілеріне арнайы жолдама берілді.

Хабар 24 телеарнасы