370,04 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 305
  • UPD: 17:52, 14.11.2017
Б.Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев халықтың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспаөз қызметі хабарлады.

Кеңес барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Өзін-өзі жұмыспен қамтудың жол картасын» таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген, 2018-2019 жылдарға арналған Ұйымдастыру шараларының аталған жоспары бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына жүйелі әрі тікелей тарту шараларын, оларға еңбек нарығында мүмкіндіктер жасауды қарастырады.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатыстыру, сондай-ақ қызметтердің жұмысын цифрландыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруге қатысты мәселелер пысықталды.

Осы категория бойынша: « Елбасы ҚР-ның бюджетіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды Ресейде ТМД жастары парламентаралық ассамблеясының Х отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы