378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем саясаткерлері Елбасының АҚШ-қа жасағалы отырған іссапарын қолдайды

  • 900
  • UPD: 13:59, 27.12.2017

Әлемнің белді сарапшылары мен саясаткерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасағалы отырған іссапарын маңызды кездесу деп бағалап жатыр.

Оның ішінде ғаламдық әріптестік форумының жетекшісі Амир Доссал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның төрағалығын өзекті әрі жауапты іс деп атап өтті.

Амир Доссал, ғаламдық әріптестік форумының президенті:

- Келер айда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркке сапарын жоспарлағаны бізді қуантты. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның төрағалығы өзекті мәселелерді көтеретін тамаша негіз болатынына сенімдіміз. Біз бейбіт және қауіпсіз әлемді қалаймыз және Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын қолдаймыз. Мен оны көшбасшылығы мен жемісті бастамалары үшін құттықтағым келеді. Қазақ халқына тек жақсылық тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы