389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы Астана процесінде Түркия, Иран және Ресей бірлескен мәлімдеме қабылдауы мүмкін

  • 539
  • UPD: 16:12, 14.05.2018

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесінің кезекті раунды жалғасып жатыр.

Тоғызыншы раундтағы келіссөздердің қорытындысы бойынша Сирия мәселесі бойынша кепілгер елдер - Ресей, Иран және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ресей делегациясын Сириядағы мәселелер жөніндегі ел президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев айтты. Атап өтейік, келіссөздер жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Сирия үкіметінің делегациясын Башар Джаа-фари бастап келді. Сол сияқты жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерді де қатысып жатыр. Ал ұйым бас хатшысының Сирия мәселесіне жауапты арнайы өкілі Стаффан ди Мистура Астанаға бүгін түнде келуі тиіс. Сол сияқты Сирия оппозициясының өкілдері де біздің елді бетке алған. Бұйырса олар да таң атқанша Астанаға келеді. Демек, келіссөздер ертең де жалғасады.

Марат Бәшімов, сарапшы:

 -Сарапшылардың айтуынша, Астана процесі Женевадан кейінгі екінші процесс. Астананың процесі Женевадағы процестерді сұрақтарды жалғастырып отыр. Көмектесіп отыр. Артымен келісімге келтіріп отыр. Сирияның қарулы оппозициясы келіп отыр. БҰҰ өкілеті Стаф-фан ди Мис-тура келіп отыр. Осы Астана процесінің маңыздылығын көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы