385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: ШЫҰ саммитіне Үндістан мен Пәкістанның қатысуы одақтас елдер бірлестігінің беделін арттыра түседі

  • 295
  • UPD: 11:42, 10.06.2018

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне биыл алғаш рет қатысып отырған Үндістан мен Пәкістан делегаттары одақтас елдер арасындағы байланыстың дамуына серпін бермек.

Шанхай шет тілдері университетінің профессоры Янг Ченнің пікірі осындай. «Жаңа қатысушылар ұйымға тың леп қосып, одақтас елдер бірлестігінің беделі арта түседі», – дейді сарапшы.   

Янг Чен, Шанхай шет тілдері университетінің өкілі, профессор:

- Үндістан мен Пәкістан елдерінің аймаққа ықпалы ерекше. Ондағы халық санын ескерсек, нарық көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ Ауғанстан мәселесін шешу жолындағы іркілістер азаюы мүмкін. Қос мемлекеттің ұйымға қосар үлесі зор.

Хабар 24 телеарнасы