364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Tree of life» демалыс орнын аралап көрді

  • 178
  • UPD: 16:24, 11.08.2018
Елбасы «Tree of life» демалыс орнын аралап көрді akorda.kz

Қазақстан Президенті жағажайы, бассейнді аквапаркі және қонақ үй кешені бар демалыс орнының жұмысымен танысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қолжетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

– Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

***

Бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды және Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.

Осы категория бойынша: « Ақтау саммитіне дейін Каспийдің құқықтық мәртебесі бойынша өткен жиындар тарихы Каспий маңы елдерінің Сыртқы істер министрлері арнайы жұмыс тобының отырысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы