368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ-қырғыз шекарасында шешімін таппаған мәселе жоқ

  • 205
  • UPD: 18:17, 12.09.2018
Қазақ-қырғыз шекарасында шешімін таппаған мәселе жоқ

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан күніне 20 мың адам мен 900-дей көлік өтеді екен.

Өткізу бекеттері мен көлік дәліздері бүкіл шекараны бойлай орнатылған. Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамына өткеннен кейін бекеттердегі барлық жауапкершілік шекарашыларға артылды. Олардың жұмысын қайта құрылымдау қажет болған. Ол мәселе де шешілді, бекеттер қазір одақ ережелері бойынша жұмыс істеп тұр. Ендігі кезекте ірі бекеттер талапқа сай жабдықталмақ. Тізімде Қордайдағы Ақ-жол бекеті де бар.

Нұрланбек Жалбиев, Қырғызстан шекаралық бақылау басқармасының жетекшісі:

- Мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатымен, тараптар бекеттерді жаңғыртады. Тиісінше осы бекеттердің өткізу қабілеті артады.

Ақ-Жол бекетіндегі ұзын-сонар кезекті жою үшін жүк көліктері өзге екі бекет Ақ-Тілек пен Токмакка жіберілетін болды. Жалпы Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекара мәселесіне қатысты түйткіл жоқ.

Осы категория бойынша: « Мәжілісте қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы заң жобасы қаралды Қазақ-қырғыз шекарасының құрлықтағы тұсы әр 10 жыл сайын тексеріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы