360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ең аз жалақы мөлшерін 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтуды тапсырды

  • 465
  • UPD: 15:55, 05.10.2018

«Ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылсын». Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.

Айта кетейік, дәл қазір  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялауда.

Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Президент Жолдауын «Хабар 24» арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Сондай-ақ «Хабар 24» арнасының сайты Жолдаудың мәтіндік трансляциясын жүргізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы