365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындауға кірісті

  • 204
  • UPD: 23:14, 05.10.2018

Үкіметте Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындаудың жоспары әзірленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлер мен әкімдерге мұндай міндетті Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеді. Жиынға Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев те қатысты. Елбасының биылғы Жолдауында айтылған барлық тапсырманы орындау үшін мемлекет қазынасынан 1 трлн 750 млрд теңге бөлінеді. Басты міндет – елімізде ең төменгі жалақы алатындардың айлық табысын көтеру. Бірінші қаңтардан бастап ол бір жарым есеге көбейіп, 42 мың 500 теңгеге жетеді. Осының арқасында 1 млн 300 мың адамның айлығы артады. Одан бөлек, білім беріу және денсаулық саласына жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы бөлінеді. Осылайша 275 мың дәрігер мен мұғалімнің табысы 30 пайызға өседі. Президент тапсырмаларының бірі – Астанада жаңа онкологиялық орталық салу. Бұл – медицина саласын дамытып, азаматтардың ем іздеп шетелге шабылуын шектеу.

Хабар 24 телеарнасы