386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Сирияда конституциялық кеңес құру қажет

  • 409
  • UPD: 14:00, 29.11.2018
Сарапшы: Сирияда конституциялық кеңес құру қажет

Сирия елінің Конституциялық кеңесі құрылса, біраз түйткіл шешілер еді.

Ресей стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Елена Супонинаның да пікірі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24». Біздің арна тілшілерімен байланысқа шыққан сарапшының хабарлауынша, сириялық оппозиция мұндай органды жыл соңына дейін құруды талап етіп отыр.

Елена Супонина, Ресей стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі:

- Сирия президенті Башар Асад жергілікті оппозициямен диалог орнатудың қажеттілігін түсініп отыр. Өйткені елде көптеген реформаларды жүзеге асыру керек. Жергілікті оппозиция өкілдері Конституцияға өзгеріс енгізетін кеңес құруды талап етті. Егер осындай орган пайда болса, оның шешімдері бүкілхалықтық референдумға шығарылады. Бұл кеңес құрамына үкімет пен оппозиция өкілдері, сондай-ақ кәсіби сарапшылар кіруі тиіс. Ресей Федерациясы да Қазақстанмен қатар бұл бастамаларды қолдауға дайын. Сирия мемлекетінің аумағында көптеген қақтығыстар болды. Әрине, оны қалпына келтіру үшін қомақты инвестиция құю керек.

Сондай-ақ ресейлік сарапшы өз сөзінде Сириядағы ахуалды реттеуге бағытталған Астана процесіне жоғары бағасын берді. Оның айтуынша, Еуропа мамандары да осындай пікірде.

Хабар 24 телеарнасы