386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Кнабе: Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі артты

  • 269
  • UPD: 15:22, 17.12.2018

«Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдан бастап халықаралық сахнадағы беделі артты. Қазақ елі жас мемлекет болса да, халықаралық процестердің белсенді қатысушысы және бейбіт келіссөздерді жүзеге асыруға атсалысып келеді».

Бұл – Орталық Азия елдері бойынша неміс сарапшысы Гюнтер Кнабенің пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия бойынша сарапшы:

- Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл 27 жыл Қазақстан үшін маңызды жетістіктерге толы болды. Қазақ елі егемендігін жариялаған соң ең алдымен ядролық қарудан бас тартты. Бұл – өте маңызды қадам. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлем үшін саяси маңызды әрі тарихи шешім қабылдады. Ал Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы оның халықаралық сахнадағы  беделінің артқандығын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы