384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесі алғаш рет БҰҰ ҚК қарарында атап өтілді

  • 1082
  • UPD: 15:25, 19.01.2019

Астана процесі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында аталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін бас орган Қазақстанның Сирия шиеленісін реттеуге қосқан еңбегіне жоғары баға берді. Қарар мәтінінде келіссөздердің астаналық форматы тұтқынға түскен адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тезірек босатылуына, сондай-ақ қаза болғандар мен із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды анықтауға елеулі үлес қосып жүргені айтылған. Құжатты дайындауға қазақастандық дипломаттар да қатысқан. Арасында Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы Дәулет Ембердиев бар. 

Дәулет Ембердиев, Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі сарапшы:

- Елбасы тапсырмасымен Астана процесімен айналыстық. Іс жүзінде ол Сириядағы бейбітшілікке жетудің жалғыз тиімді құралы ретінде қалып отыр. Қазақстандық дипломатия, қазақ жанының ниеті секілді адал әрі мейірімді. Үнемі бейбітшілікке шақырып, тараптарды бітістіретін бастамалар ұсынып, жүйелі саясат ұстандық. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде халқымыздың бейбіт саясатын паш еткенімізді мақтан тұтуға болады деп санаймын. Табысқа жетіп, өз міндетімізді орындадық.

Хабар 24 телеарнасы