389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рензо Поми: Қазақстан шиеленістерді шешуде белсенділігін сақтап қалады деген ойдамыз

  • 763
  • UPD: 15:22, 31.01.2019

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар тобы Қазақстанның осы құзырлы органдағы еңбегіне өз бағасын берді, деп жазады «Хабар 24».

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері шиеленістерді шешуде және бітімгершілік әрекеттегі қазақ елінің қосқан үлесі мен белсенді ұстанымына жоғары баға беріп, алғысын білдірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар тобына гуманитарлық, адам құқықтары, қарусыздану, жаһандық басқару мен даму салаларындағы 37 ұйым кіреді.

Рензо Поми, БҰҰ ҚК жұмысы бойынша ҮЕҰ тобының төрағасы:

- Қауіпсіздік кеңесі құрамында Қазақстан жұмысының аяқталуы БҰҰ-да елдеріңіздің мүмкіндіктері сарқылғанын білдірмейді. Осы ретте бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін атағым келеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның белсенділігі өте жоғары болып, аймақтық жанжалдарды реттеуге қатысқан. Әдетте Қауіпсіздік кеңесі құрамынан шыққан елдер өздері қатысқан мәселелер бойынша жұмысын жалғастырады. Сол себептен, Қазақстан шиеленістерді шешу ісінде белсенділігін сақтап қалады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы