375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирия шиеленісін реттеуге қосқан Қазақстанның үлесі Брюссельде аталды

  • 434
  • UPD: 10:06, 04.02.2019

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынас, бұл – бір біріне сеніммен қарайтын қос серіктес арасындағы ашық пен сындарлы диалог.

Брюссельде өткен «Қазақстан – Еуроодақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 16-отырысының жұмысын қорытындылаған еуродепутаттар осындай пікір білдірді. Қазақстандық депутаттар мен сенаторлар және еуропалық әріптестері, сондай-ақ дипломаттар мен Бас прокуратураның өкілдері саяси, экономикалық пен гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттесуді қарастырған. Еуропарламент вице-президенті Павел Теличка Қазақстанның аймақта мен бүкіл әлемде тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тиімді жұмысына жоғары баға берді. Қазақстандық делегацияны басқарып барған Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман Еуропарламент басшысы Антонио Таяниге Астанада өтетін Еуразия елдерінің парламент спикерлерінің төртінші кеңесуіне ресми шақыру ұсынған. Отырыста Еуроодақтың Орталық Азия бойынша Жаңа Стратегиясы 15 мамырда жарияланатыны белгілі болды. Қос тарап ауған қыздарының Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алу бағдарламасын құптап, Сирия шиелінісін реттеуге қосқан еліміздің үлесін атап өткен. Сондай-ақ Қазақстанда адам құқықтары мен еріктерін сақтау бойынша пікір алмасты. Біздің делегация осы саладағы соңғы өзгерістер туралы баяндаған. Еуропалық тарап Қазақстанда сот-құқық жүйесінін реформалауын қолдады.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– 16-отырыстың күн тәртібіне біз өзекті және маңызды мәселелерді шығарған болатынбыз. Солардың ішінде қауіпсіздік мәселелері, Еуроодақтың және Қазақстанның экономикалық даму мәселелері, екі үлкен ұйымның арасындағы жаңа коммуникациялар мәселесін көтердік.

Ивета Григуле-Петерсе, Орталық Азия бойынша ЕП делегациясының басшысы:

– Экономика, қауіпсіздік, терроризм мен есірткі, Еуроодақ пен Орталық Азиядағы саяси жағдай, энергетика мен адам құқықтары секілді көптеген мәселені талқыладық. Біздің келіссөздеріміз, ресми кездесулеріміз үнемі ашық әрі сындарлы түрде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы