375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезия БҰҰ ҚК-де Қазақстанның орнын басты

  • 338
  • UPD: 15:44, 06.02.2019

Бұл ел де Азия-Тынық мұхит аймағынан өкілдік етеді.

Айта кету керек, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі мемлекеттің өзекті халықаралық мәселелер бойынша біздің елімізбен ұстанымы ортақ. Индонезияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Диан Джани үшін Қазақстан – бауырына жақын ел. Кезінде оның әкесі тәуелсіз Қазақстанда Индонезияның тұңғыш елшісі болған еді.

Диан Джани, Индонезияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстаннан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы біз үшін үлкен абырой, өйткені елдеріңіз үлкен еңбек атқарды. Осы орныңызды лайықты басуға үміттіміз. Қазақстан ядролық қарусыздану мен терроризмге қарсы күрес секілді көп бастаманы ұсынған. Біз оларды қолдап жүреміз, себебі Қазақстанмен көзқарасымыз ортақ. Елдеріңіздің сыртқы саясаты мен жаһандық істеріндегі рөлін жоғары бағалаймын.

Хабар 24 телеарнасы