389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлмира Сұлтанбаева: Билік пен халық арасында байланыс қажет

  • 1195
  • UPD: 23:16, 22.02.2019
Гүлмира Сұлтанбаева: Билік пен халық арасында байланыс қажет

Билік пен халық арасында берік байланыс орнап, қоғамдық сана жаңғыруы керек.

Бұл – саяси ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24». Сарапшы әрбір үкіметтің өзіндік саяси миссиясы болады, таратылған құрам сол міндетті толықтай орындай алмады деген пікірде. «Әсіресе әлеуеметтік, экономикалық реформалар мен Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған кей бастамалар алға баспады», – дейді.

Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдарының докторы, профессор:

- Осы бір кезеңде, тарихи кезеңде саяси сананың, қоғамдық сананың, азаматтық сананың жаңғыруы кезінде жаңа форматтағы, жаңа идеядағы, әлеуметтік жағынан халықты көбірек қорғайтын бір жаңа құрам келуі қажет болып тұр. Сондықтан да біз бұны қолдаймыз. Мүмкіндігінше біз үлкен сенім артамыз. Әлеуметке жақын үкімет қажет. Сондықтан да бұл дер кезінде жасалған қадамдардың бірі. Бізге дәл қазіргі уақытта әлеуметтік жағынан реформа керек.

Хабар 24 телеарнасы