384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті қызметіне ресми кірісті

  • 1411
  • UPD: 16:18, 20.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Президент қызметіне ресми кірісті.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына көшті. Ант беру салтанатына келген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты депутаттар, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдері ду қол шапалақпен қошемет көрсетті. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған үндеуінде Президент лауазымынан өз еркімен бас тартып, өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан, бұл жауапты міндетті Парламент Сенатының төрағасы орындайды. Ол осы қызметті жаңа Президент сайланғанға дейін атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскен болып саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін!

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Ата заңға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі мен белгісін, «Алтын қыран» орденін табыстады.

Хабар 24 телеарнасы