379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының беймәлім қырлары

  • 173
  • UPD: 00:51, 21.03.2019

Гольф, теннис, жүзу, балық аулау. Тізе берсеңіз. тізім үлкен. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолын бәріміз жақсы білеміз. Бірақ беймәлім қырлары одан да көп.

Елбасы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, спортпен жүйелі шұғылданады, тіпті ән мен биден де қара жаяу емес.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемді аузына қаратқан сақа саясаткер ғана емес. Бір бойынан жігітке тән жеті қырын күнделікті қызметі мен сапарлары барысында байқап жүрміз. Шет жағасы елге де белгілі. Оның ішінде суда жүзу, гольф және теннисті жаны сүйеді.

Бейнекөріністе Елбасы Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельцинмен теннис ойнап жатыр және шеберлігі әлдеқайда жоғары екені анық байқалады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы саясаттан қолы қалт еткен кезде сәйгүлік мініп, таза ауада серуендейді.

Шымбұлақ шатқалы да сүйікті демалыс орны. Нұрсұлтан Әбішұлы тау шаңғысын аяғына алғаш 55 жасында байлапты. Содан бері тастаған емес. Ұлт көсемінің бойындағы сергектік жастарға үлгі.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Әбішұлының көлік жүргізіп, балық аулаған сәттері де әлеуметтік желіде лезде тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырған болатын. Жалпы Елбасының күш-жігеріне шынымен тәнті боласың. Мәселен, бейнкөріністерде шаршағанына қарамастан, көппен бірге билей жөнеледі. Өлең айтатын өнері тағы бар. Әсіресе, дәстүрлі әнді тамылжыта шырқайды.

Үлкен саясаттағы әріптестері оған қарапайым, ақкөңіл және өнерлі жан деп баға береді. Қолы қалт еткенде шығармашылықпен айналысады. Жазудан да құр алақан емес, ақындық, сазгерлік қабілеті бір төбе. Әр сөзіне жұртты иландыратын қасиеті де жұртқа мәлім. Отбасылық құндылықтарды да назардан тыс қалдырмаған. Ең бастысы, Нұрсұлтан Әбішұлы қай іспен шұғылданып, қай қиырда жүрсе де, елінің қамын естен шығарған емес.

Авторлары: Аслан Қаженов, Нұржан Ықыласов

Хабар 24 телеарнасы