378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы бизнес өкілдерін халыққа қарайласуға шақырды

  • 150
  • UPD: 23:51, 27.03.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин бизнес өкілдерін мұқтаж отбасыларға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыруға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-Министр бұл жөнінде табысы төмен көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға тұрғын үйдің қолжетімділігін аттыруға бағытталған Елбасы тапсырмаларын орындау жөнінде өткен кеңесте айтты. Белгілі болғандай, алдағы мамыр айында көп балалы отбасыларға пәтерлер беріле бастайды. 5 жыл ішінде жалпы 28 мың пәтер кілті табысталмақ. Баспанаға мұқтаж көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы несие беруде жеңілдіктер қарастырылды. Кеңес барысында Қызылорда облысының халықтың әлеуметтік әлсіз тобының тұрғын үй мәселесін шешудегі тәжірибесі ерекше аталып өтті.

«Баламекен» жобасы аясында Қызылорда облысының әкімдігі көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешуді көздейтін Болат Өтемұратовтың қорымен бірлесіп өтеусіз негізде берілетін үйлерді салуды бастаған. Кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен «Болат Өтемұратов қоры» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кеңес қорытындысын шығара отырып, Премьер-Министр Асқар Мамин халықтың әл-ауқатын жақсартуға бизнес өкілдері де өз үлестерін қосуы керек екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы