389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Атамқұлов Қытайға СІМ ретінде алғаш рет ресми сапармен барды

  • 402
  • UPD: 15:13, 29.03.2019

Алдымен ол қытайлық әріптесі Ван Имен екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар Қазақстан-Қытай саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты одан әрі дамытудың жолдарын талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кең ауқымда пікір алмасты.

Қазақстандағы ішкі саяси өзгерістер аясында Бейбіт Атамқұлов Қытай тарапына елдің сыртқы саясатының өзгермейтінін айтты. Сонымен бірге «екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара ұтымды және тиімді ынтымақтастықтың үлгісі екенін» атап өтті. Тараптар Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, трансшекаралық су ресурстарының мәселелері жөнінде пікір алмасты. Келіссөздердің жеке бөлігі ретінде Қытай аумағында тұратын этникалық қазақтардың жағдайы туралы да әңгіме болды. Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді шешуге қос тарап та мүдделілік танытып, консулдық қызметтердің жұмысын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволары 2020-2022 жылдарға арналған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР сыртқы істер министрі:

- Өз кезегінде Қытай тарапы еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік орнатудағы, әсіресе «Белдеу және жол» бастамасын бірлесіп құрудағы тарихи рөлін жоғары бағалады.

Хабар 24 телеарнасы