389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы кезектен тыс сайлау дұрыс қабылданған шешім - «The London Post»

  • 736
  • UPD: 14:55, 10.04.2019

Қазақстандағы кезектен тыс сайлау ақылға салынып қабылданған дұрыс шешім.

Ол сыртқы және ішкі саясаттың тұрақтылығына себепші болады. Британиялық «The London Post» желілік басылымның бас редакторы Шахид Курешидің пікірі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Айқындық мемлекетті күтпеген жағдайлардан сақтандырып, елдің дамуына оң ықпалын тигізеді. Бүгінде Қазақстан қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалып, алға қарай жылжуы және Тұңғыш Президенттің сарабдал саясаты өз жалғасын табуы керек» - деп есептейді британиялық медианың өкілі.

Шахид Куреши, «The London Post» газетінің бас редакторы:

- Менің ойымша, бұл елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа себепші болады. Сондай-ақ ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев саясатының сабақтастығын айқындай түспек. Ол өз өкілеттілігін тоқтату арқылы шынымен де ұлт көсеміне айнала білді. Сонымен қатар сіздердің бұрынғы президенттеріңіз елдегі саяси жағдайды дұрыс жолға бағыттайтын және жетілдіретін жүйенің негізін қалады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы