378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы «Бір белдеу, бір жол» форумына 150 елдің өкілдері қатысады

  • 223
  • UPD: 10:39, 25.04.2019

Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыруға арналған екінші форум өтеді.

Айтулы шараға әлемнің 150 елінен 5000 өкіл келеді деп күтілуде. Олардың арасында 37 елдің президенттері мен үкімет басшылары бар. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен жуырда өткен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та форумға қатысатынын айтқан еді. Қазақстанның Тұңғыш Президентін Қытай дипломаты форумның белді әрі құрметті қонағы ретінде атап өткен. Жалпы, басқосуда 12 панельді сессия өткізу жоспарланып отыр. Жиын кезінде «Цифрлі Жібек жолы», «жасыл энергетиканы дамыту», «аймақаралық әріптестік» секілді тақырыптар аясында ой өрбуі тиіс. Сонымен қатар бизнес-қауымдастық үшін арнайы конференция ұйымдастырылады.

Чжан Дэгуан, Қытайдың Қазақстандағы тұңғыш елшісі, Қытай халықаралық зерттеулер қорының құрметті төрағасы:

- Қазақстанда көтерілген бастаманы іске асыруға қазір әлемнің 100-ден астам елі атсалысып отыр. Бұл жобадағы қазақ елінің маңызы зор: ол белбеудің негізгі буыны әрі ірі көліктік хаб саналады. Қазақстанның Қытаймен байланысын дамытуға ден қойғаны қуантады. Қытайдың Қазақстандағы алғашқы елшісі ретінде айтарым, Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет жүздесіп сөйлестім. Ол Қытай саясатын жақсы түсінеді. Қос елдің экономика, энергетика және көліктік коммуникацияларды дамыту жөніндегі страгетиялық мақсаттары сабақтасатынын әу бастан ашып айтқан.

Хабар 24 телеарнасы