378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Еуропалық жобаның болашағы құрлықтағы өзге елдермен өзара әрекеттесуінде жатыр

  • 95
  • UPD: 10:45, 25.04.2019

Ұзақ мерзімді дамудың мақсаттарына жету үшін Еуроодақ елдері Орталық Азия, Ресей және Қытаймен байланысуы керек.

Бұл Еуропаның болашақ дамуы үшін өте маңызды. Стратегиялық тұрғыдан еуропалықтарға Жібек жолы жобасы мен Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесуі маңызды болып тұр. Бұл Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын жүзеге асыру үшін қажет. Саясаттанушы Пьер-Эммануэль Томанн осындай пікір білдірді.

Пьер-Эммануэль Томанн, саясаттанушы, саяси ғылымдар докторы:

- Еуроодаққа Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін кеңістікті қамтитын еуразиялық деңгейде ой-өрісін кеңейту керек. Еуропалық жобаның болашағы құрлықтағы өзге елдермен өзара әрекеттесуінде жатыр. Әзірше Еуроодақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында келіссөздер жүргізу туралы әңгіме қозғалмай жүр. Бірақ Еуропаны ұзақ мерзімді мақсаты осы деп ойлаймын. Оған қоса кейбір еуропалық елдер Жібек жолы жобасына қосылуды ойлап жүр. Ал Еуропа мен Қытай арасында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақсыз ынтымақтаса алмайды.

Хабар 24 телеарнасы