378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Никонов: Қазақстанда демократиялық институт жақсы жұмыс істейді

  • 136
  • UPD: 08:45, 01.05.2019

«Ресей елі Қазақстандағы сайлау барысын аса қызығушылықпен бақылауда», – дейді біздің телеарнамызға сұхбат берген мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Никонов.

Оның айтуынша, мемлекет биліктің сабақтастығын әлемге паш етіп, елдегі демократиялық институттардың нәтижелі жұмысын көрсетіп отыр.

Вячеслав Никонов, РФ мемлекеттік дума депутаты:

- Президенттікке үміткерлердің саны алдыңғы сайлауларға қарағанда көп. Әрине, олар өз қолдаушыларын жинауы керек. Егер бұл мақсатқа қол жеткізе алса, саяси науқанға қатысушылардың саны да артады деген сөз. Сайлаушылар парламенттік партия және оппозияция өкілдерінен таңдау жасай алады. Бұл демократиялық институттың жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы