378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңгерлер әділ сайлау үшін

  • 81
  • UPD: 14:40, 28.05.2019
Заңгерлер әділ сайлау үшін

Президенттікке үміткерлердің ар-намысына тиетін пікір жазғандар заңмен жазаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сондықтан әлеуметтік желінің мәдениетін сақтаған жөн», – дейді заңгерлер. Одан бөлек ресми түрде бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелген сайттар мен блогерлер нақты бір үміткерді насихаттай алмайды. Еш жерде тіркелмеген жеке тұлғалар ғана өз пікірін айтуға құқылы. «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері осы және өзге де мәселелерді талқылады. Бұл бірлестік сайлаушыларға құқықтық кеңес беріп, сайлау туралы заңның баптарын түсіндіреді. Әр өңірдегі бөлімшелері жергілікті тұрғындарды қабылдайды. Күні бүгінге дейін республика бойынша мыңға жуық сауал келіп түкен. Оның көбі сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына байланысты екен.

Серік Ақылбай, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» РҚБ төрағасы:

- Біздің негізгі мақсатымыз – біздің сайлаушылардың құқығын арттыру. Түсіндіру оларға сайлау процесінің қалай өткенін, кімнің сайлаушы болатынын, қандай құқықтары бар екенін. Шетелдегі азаматтардың қандай құқығы бар. Шетелдегі азаматтар өз кандидатурасын ұсына ала ма перзиденттікке. Сондай сондай сауалдар көп болды.

Хабар 24 телеарнасы