384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Беларусь республикасының президентімен кездесті

  • 153
  • UPD: 21:41, 28.05.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Беларусь президентімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Елбасы құрметті қонаққа «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконың интеграциялық үдерістерді дамыту және Еуразиялық экономикалық одақты құру ісіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь халқына және оның көшбасшысы Александр Лукашенкоға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Беларусь басшысы қонақжайлық көрсетіп, марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

Александр Лукашенко, Беларусь республикасының президенті:

– Беларусь халқына көрсеткен құрметіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл марапат – менің ғана еңбегім емес, бұл сіздің Беларусь еліне деген ізгі ілтипатыңыз. Қандай қызметте болсақ та, бізді байланыстыратын ортақ дүние бар. Ол – достық. Тіл табыса білудің арқасында талай қиын кезеңдерден өттік. Өзекті әрі өткір мәселелерді бірлесіп шеше білдік. Сондықтан қос ел арасындағы достық қарым-қатынас әлі де жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы