382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы президенттікке үміткерлердің пікірталасы жайлы пікірін білдірді

  • 146
  • UPD: 23:18, 29.05.2019

Елордада президенттікке үміткерлердің теледебаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны көпшілік «Хабар» арнасы арқылы тікелей эфирде тамашалады. Пікірталасқа 7 үміткердің бесеуі қатысты. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дания Еспаева сенімді өкілдерін жіберді. Теледебаттың алғашқы кезеңінде қатысушылар өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Екінші бөлім сұрақ-жауапқа арналды. Әр үміткер тұщымды ойын 90 секундқа сыйдыруы тиіс. Дебат раундтары «Қазақстанның экономикалық даму әлеуеті», «Әлеуметтік жаңғыру», «Сайлаушыларға сөз» деп жіктелді.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Сайлау индустриясында бұл үлкен шоу. Халықтың қызығушылығын көтеру керек. Сайлауға барғым келеді деу керек. Бармаймын дейтін адамдар да бар. Ол бірталай адамға әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы