382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» азаматтық алаңынан сайлауға 500 бақылаушы қатысады

  • 139
  • UPD: 23:45, 04.06.2019
«Аманат» азаматтық алаңынан сайлауға 500 бақылаушы қатысады

Кезектен тыс президенттік сайлауға жалпы ел бойынша 7 мыңнан астам бақылаушы қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 500-і «Аманат» азаматтық алаңы атынан атсалысады. Әр учаскеде 2 адамнан болады. Еріктілер мен тәуелсіз бақылаушылардың басты міндетіне сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз ету мен жәшікке салынған бюллетеньдердің санын қадағалау жұмыстары кіреді. Ал жұмыс сапасына қоғамдық пікір көшбасшылары мен мобильді капитандар жауапты. Бүгінде «Аманат» үкіметтік емес ұйымын 50-ден астам қоғамдық бірлестік қолдап отыр. Осы арқылы бас шаһардағы сайлау учаскелерінің барлығы қамтылады. Бақылаушылардың 30 проценті жастардан, 20 проценті зейнеткерлерден және 49 проценті орта жастағы азаматтардан құралған.

Айта кетейік, 9 маусымда елордамызда 204 сайлау учаскесі өз жұмысын бастайды.

Асылбек Абдурашитов, «Аманат» азаматтық алаңы қалалық штабының басшысы:

- «Аманат» азаматтық платформасы тек республикалық деңгейде ғана қолданылады. Осы республиканың ішінде ғана. Яғни бұл шетелдің азаматтары, шетелдің студенттері немесе қоғамдық белсенділер қалып қалмайды. Сайлау учаскелерінде болатын құқық бұзушылықтар болса, яғни бюллетеньнің дұрыс саналмауы, таңертең қанша бюллетень келеді, сайлау аяқталған кезде қанша бюллетень болады, соның барлығын санап алады.

Баян Ахметжанова, «Аманат» азаматтық алаңының қоғамдық пікір көшбасшысы:

- Бақылаушы бір жұмысты белгілесе, көзінше заңға сәйкес бірдеме болса, ол кісі акті толтырады, менің учаскем болса маған қоңырау шалады, өзімнің қалалық штабыма, олар республикалық штабқа хабарласады. Ол құқық бұзушылық расталса, қағаздар прокуратураға кетеді.

Хабар 24 телеарнасы