378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Заңгер: Сайлаушылар сауалнамаға қатыспауға құқылы

  • 151
  • UPD: 23:27, 07.06.2019

Сайлаушылардың қай үміткерге дауыс бергенін айтпауға құқығы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы арнайы брифингте «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясына тіркелген ұйымдардың ешбірі сайлаушылардан кімге дауыс бергенін сұрай алмайды. Бұл заңды бұзған болып есептеледі. Сондай-ақ заңгерлер ертең ешбір ұйым үміткерлерді үгіттей алмайды, оларға дауыс беріңдер деген насихаттарын жасай алмайды деді. Заң бойынша ертең – тыныштық күні.

Серік Ақылбай, заң ғылымдарының кандидаты:

- Тыныштық күнінде Президентке кандидаттың өкілдері үгіт-насихат жұмысын жүргізе алмайды. Ондай жүргізілген болса, жаңа ғана естідіңіздер, Әкімшілік кодекстің 120,122-баптары бойынша жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы