378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Өзбекстан серіктестігі қарқынының арта беруі маңызды – Саясаткер

  • 83
  • UPD: 01:08, 10.06.2019

Төрткүл дүние көз тіккен еліміздегі саяси науқанға қатысты Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов өз пікірін білдірді.

Ол сайлау ішкі тұрақтылықты сақтап, ұлы дала елінің болашағын айқындайды, дейді. Өзбекстан да осы жолдан өткен. Қазіргі билік елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Оны көпшілік көріп отыр. Сондықтан халық сенім артып, жаңадан сайланатын Президенттің қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігін одан әрі дамытатынына сенімді. Бұл әрі ықылым замандардан қоңсы қонған қос елдің арасындағы бауырмалдық байланыстың жақсаруына негіз болады, дейді үкімет басшысының орынбасары.

Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары:

- Қазақстанның жаңа Президенті Өзбекстанмен стратегиялық серіктес ретінде ынтымақтастықты одан әрі нығайтуыға күш салады деген ойдамын. Бұл біздер үшін өте маңызды саяси науқан. Күллі Орта Азия елі мен Өзбекстан үшін де маңызды. Бұл оқиға біздің екі жақты қарым-қатынасымыздың одан әрі қарыштап дамуына серпін береді, деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы