379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Еспаева: Қазақстанның болашағы үшін қызмет ете беремін

  • 111
  • UPD: 02:27, 10.06.2019

«Ақ жол» партиясы атынан сайлауға түскен Дания Еспаева да қоғамдық ұйымдардың алдын ала жүргізген сауалнама қорытындысымен танысты.

Экзитпул нәтижесі бойынша ол сайлаушылардың 5,82 процент дауысына ие болып, кандидаттардың арасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әміржан Қосановтан кейін үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, Дания Еспаева үгіт-насихат кезінде ел ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуды, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді және ұлттық тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеді.           

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінгі күн барлық қазақстандықтарға маңызды күн. Сондықтан барлық қазақстандықтарды сайлау күнімен құттықтаймын. Өзімнің алғысымды партия «Ақ жолға» және маған дауыс берген қазақстандықтарға айтқым келеді. Барлық үміткерлерді сайлаудың біткенімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да Қазақстанның болашағына қызмет ете береміз деп сенім білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы