389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҚЫҰ: Аумақтық сайлау учаскелерін техникалық жағынан жабдықтау өте жақсы болды

  • 265
  • UPD: 23:57, 10.06.2019

Қазақстан Президенті кезектен тыс сайлауын өткізудегі ұйымдастыру мәселесі жоғары деңгейде өтті.

Әсіресе аумақтық сайлау учаскелерін техникалық жағынан жабдықтау өте жақсы болды. Саяси науқанды бақылауға келген Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының өкілдері осындай пікір білідірді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жолғы сайлауды бақылауға 40 елден 339 байқаушы және 290 сарапшы мен әртүрлі парламенттің 49 мүшесі келді. Олар кеше 1030 учаскеде болып, 160 сайлау бөлімшесінде дауыстың саналуына қатысты. Шетелдік байқаушылар халықтың саяси науқанға араласуы бұрынғыға қарағанда ерекше белсенді болғанын атап өтті.

Уршула Гацек, ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы: 

- Сайлауды өткізу, ұйымдастыру бойынша біз болашақта өз тарапымыздан нақты ұсыныстарымызды беретін боламыз. Оған Қазақстан жағы да құлақ асып, сол бойынша жұмыс істейді деп сенеміз. Ал президенттіке үміткер ретінде әйел адамның тіркелуі елдегі саяси жағдайдың жақсаруына өз ықпалын тигізбек.

Хабар 24 телеарнасы