378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев АӨСШК V саммитіне қатысу үшін Душанбеге барды

  • 154
  • UPD: 21:36, 14.06.2019
Қ.Тоқаев АӨСШК V саммитіне қатысу үшін Душанбеге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектен соң бірден Тәжікстан астанасы Душанбеге ұшып барды.

Президент ертең Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бесінші саммитіне қатысады. Мемлекет басшысын әуежайдан елдің премьер-министрі Коxир Расулзода күтіп алды. Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Раxмонмен кездесу үшін Ұлт сарайына барды.

Айта өту керек, бұған дейін Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісімен телефон арқылы құттықтаған болатын. Бүгінгі кездесу де құттықтаумен басталып, президенттер қазақ-тәжік қарым-қатынасын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Бүгін мемлекет басшылары бар байланысты одан әрі бекемдей түсуге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы