383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті бірқатар лауазым иесін қызметінен босатты

  • 193
  • UPD: 11:22, 17.06.2019
Қазақстан Президенті бірқатар лауазым иесін қызметінен босатты
Президент бірқатар лауазым иесін қызметінен босатты.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы