384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Кувейт және Пәкістандағы елшілері тағайындалды

  • 173
  • UPD: 18:18, 28.06.2019
Қазақстанның Кувейт және Пәкістандағы елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. 

Сонымен қатар Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы